Bugin

Құдалыққа тікұшақпен келген құдалардың ісі заңды ма

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Желі қолданушылары ерекше құдалықтың видеосын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құдалыққа тікұшақпен келген құдаларын доллар шашып күтіп алған. Видеода кейбір адамдардың ақшаны жинап жатқаны көрінеді. Бейнежазбаны көрген оқырмандар түрлі пікір білдірген. Көбісі "ысырап", "мақтаншақтық" десе, енді бірі "жастар бақытты болсын, шаңырақтары биік болсын" деп жазды. Айта кетейік, оқиға Алматы облысының Талғар ауданында болған.

Бұл жағдай туралы облыстық полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.

Оқиғаның видеосын осы  сілтемеден көре аласыз.