Bugin
Фото: pexels.com
Осы жылдың 4 тамызында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қыз алып қашу ісін қылмыс санатына жатқызуды ұсынған еді.
Ішкі істер министрлігі бұл бастамадан хабардар.
"Оны мәжілісте талқыласа, біз бұған қуана қатысамыз. Халықаралық ұйымдардың барлық баяндамасында осы мәселе дау туғызады. Олар бұл дәстүрді құптамайды және мұны түсінбейді. Салт-дәстүрді жамылып, азаматтардың конституциялық құқығын бұзады", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Қазіргі таңда заңнамада "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бар.
Осыған дейін "Қыз алып қашу дұрыс па" тақырыбында материал жариялаған болатынбыз.