Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Шымкентте 20 жастағы жігіт мектептің спорт алаңындағы турникке асылып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 17 қазан күні түнгі сағат 2:20-да болған.
Жедел жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына қоңырау шалып, Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің аумағынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған. Денесінен жарақат іздері табылмағандықтан, әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ екені айтылды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, марқұм осы мектептің түлегі болған.
Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста екен. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, отбасымен және оқиға куәгерлермен жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаға қатысты тергеу және басқа да сараптамалар жүргізіледі. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, жиналған материалдарды тергеушілерге беруге дайындалып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61