Bugin

Елімізде жарық қымбаттайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарауды көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ulysmedia.kz. мәліметінше, электр энергиясының тарифтерін 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап өзгерту жоспарланғаны белгілі болды. Қазір жоба көпшіліктің талқылауында.

Құжатта көрсетілгендей, түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда отынға, жалақыға және шикізатқа жұмсалатын шығындардың ұлғаюымен байланысты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан жылудың сапасыздығы үшін төмен тарифтер тәжірибесінен бас тартып, нарықтық бағаларға көшетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, төмен тариф бойынша төлеп, жылусыз отырғаннан гөрі әділ тариф бойынша лайықты жылуға қол жеткізген әлдеқайда жақсы.