Bugin
Фото: pexels.com
Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде мәлімдеді.
"Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта. Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын", - деді әйел.
Аталған оқиғаға қатысты Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.
"Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Василий Скляр