Bugin
Фото: pexels.com
Астаналықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы "А" қызметімен Астана қаласының өндірістік аймағында "Күз-2023" тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған.