Иә, шүкір, қазіргі таңда айналаңа қарасаң,
бәрі де елінің ертеңі үшін қызмет етіп
жүрген жандар. Бәрі де әр салада ел үшін деп тер төгіп жүрген жандар.
Қуанасың...Мақтан етесің...
Ал осындай еліміздің ертеңінің гүлдендірілуіне
жол ашып, мүмкіндік беріп отырған Елбасымызды
айтпай кетпеуге болмас. Ең бірінші, елінің ертеңіне үлес қосып отырған жан
болса, мен оны Елбасы дер едім. Себебі, еліміз Аллаға шүкір, күннен-күнге
көркейіп, адам таңқаларлықтай көріктеніп келе жатыр. Әрине ол – осының бәрін жасап отырған
Елбасымыздың арқасы. Басшымыз елдің ертеңгі дамуы үшін халыққа зор мүмкіндіктер
беріп отыр және аз десеңіз, ел ісіне жарайтын бағдарламалар мен шаралар ұсынып
келе жатыр. Одан қала берді, халыққа шабыт беру мақсатында елдің тарихын,
бүгінін, келешегін жырлайтын ұлы мақалалар да ұсынып келе жатыр. Ал соны ары
қарай ел үшін атсалысып, сол Елбасы сенімін ақтау - жастарға байланысты. Бізге байланысты...
Маған байланысты...
Қазіргі таңда еліміздің көркейіп,
гүлденуі үшін күн сайын жаңа баңдарламалар, жаңа тың дүниелер, жаңа жобалар,
жаңа жұмыстар атқарылып жатырғаны белгілі. Ал осы істеліп жатқан жаңа істердің
бәрі еліміздің жаңаруының басты мақсаты, еліміздің келешегі, ертеңі үшін
жасалып жатқан ұлы істер деп ойлаймын. Мені әлі күнге дейін қуантатын әрі
таңқалдыратын жайт – еліміздің қысқа уақыт ішінде небір дамыған мемлекеттердің
арасында ерекшеленіп тұратындығы. Мен
әлемдік аренада Қазақстан деген атты естісем, өзіммен-өзім қобалжып, жүрегім
езіліп кетеді. Құдды сол әлемдік аренада менің есімім аталғандай... Қызық...
Бұны ерекше сезімге толы патриоттық сезімімнің көрінісі деп есептеймін.
Ал мен де елімнің ертеңі үшін қазіргі
таңда ең бірінші, оқу оқып, елдің дамуына өзіндік үлес қосу үшін білім қуып,
ізденіп жүрген жастардың бірімін деп толықтай айта аламын. Менің қазіргі
мақсатым да осы деп ойлаймын. Әрине, әзірге... Бірақ болашақта елімнің ертеңі үшін
білім алу сатысынан өткеннен кейін мені ел үшін атқаратын талай істер күтіп тұр
деп елестетемін. Ең бастысы, осындай керемет ұғыммен өмір сүріп келе жатырмын.
Қызығы, осы ұғымның өзі маған шабыт береді. Және осы ұғымға сеніп алғам. Бәрі
сенімнен басталады емес пе? Ендеше, ол күндер де алыс емес деп сенемін.
Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарға
дейін болмаса, Тәуелсіздік алған жылдардан кейін өзінің дамуын тоқтатып,
ешқашан даму қарқынын жоғалтпаған ел. Міне бұл да, еліміздің ертеңгі дамуы үшін
әр халқының атқарған әр ісінің жемісі деп айтсам да артық айтпаған болар едім.
Бүгін де еліміздің ертеңі, еліміздің гүлденуі үшін тек қазақ емес, өзге ұлттардың да ел үшін
қызмет атқарып жүргендерін байқауға болады. Иә, тіпті өзге ұлт өкілдерінің де
біздің елге деген құрмет, махаббаты сонша, олардың да тілімізді үйреніп,
дінімізді игеріп жүргендігі де еліміздің гүлденіп, танылып келе жатқандығын
білдіреді емес пе? Сол сияқты, елбасымыздың да халық үшін деп атқарып жатқан
бар игі ісі де, елімізде бейбітшілік пен татулықтың жойылмауының нәтижесі деп
білемін.
Мен үшін балалық шағымның арманы
болған – әсем қала Алматыға оқуға түсіп,осы қалада білім алу және тіпті осы
үлкен шаһарда ел үшін қызмет атқарып жүру балалық шағымның жоспарларымның ең
негізгісі.
Қазіргі таңда, еліміздің қара
шаңырағы болған, ел үшін еңбек етіп, жандарын құрбан еткен арыстандай алаш
қайраткерлері мен небір өнер майталмандары түлеп ұшқан жоғары оқу орнының мен
де студентімін.
Ең алдымен сол кісілер салып кеткен
сара жолмен жүру ең басты мақсатым деп білемін.
Одан кейін олардың болашақ ұрпаққа, яғни бізге артқан сенімін ақтау және
сол кісілер секілді елдің ертеңі үшін
елге аянбай қызмет ету біздің басты міндетіміз.Жастардың басты міндеті. Және
тек бұл ғана емес, одан кейінгі соғыс жылдарындағы болашақ ұрпақ пен келешек
елдің ертеңі үшін деп мақсат тұтып, сұрапыл соғыста жан берген
батырларылымыздың да ерлігі қазіргі таңда еліміздің осындай дәрежеге
жеткендігінің бірден-бір айғағы.
Қазіргі таңда өз басым қоғамнан тыс
жүрген жандардың қатарынан емеспін. Мақсатым айқын – халыққа, елге қызмет ету. Менде халық пен
билікті байланыстыратын, мемлекеттің гүлденуіне, танылуына бірден-бір себепкер
бола алатын сол мамандыққа жету жолында талпынып жүрген жастардың бірімін.
Ешкімнің қарсылығына, сөзіне қарамай, «Қара халқым мен қалың еліме қызмет ету
жолында сол мақсатыма жету үшін бәріне даярмын»
деп шыр-пыр боп жүрген жанмын.
Тарихы терең, өткені тек шешендер мен
көсемдерден құралған, бүгінгісі заман талабына сай өмірі бар, келешегі сенімді
елміз. Өзге халық емес, қарапайым қазақ халқы да әлі күнге дейін өз
мемлекетімізге өзіміз қалай тез дамып кеткендігіне, осынша үлкен-үлкен
белестерді қалай бағындырып үлгергендігіне таңқала да, таңырқайтын жағдайға
жеткенімізге шүкір. Иә, онсызда ата-бабаларымыз да осыны армандап кетті емес пе!?
Міне, ақырында сол ата-бабаларымыздың армандарының бүгінде шындыққа айналуы да
әр қазақтың еңбек етуінің арқасы деп ойлаймын.
Мен де өзімнің ойымша саралайтын
болсам, 2-3 жылдан кейін елінің ертеңі үшін деп елге адал қызмет қылу қамына
кірісетін білікті маман боламын деп есептеймін, яғни ресми түрде. Әрине,
қазіргі таңда оқуымды аман-есен аяқтап,
мемлекет берген білімім толығып, сол білімімді мемлекет ісіне пайдаға
асырып, өз елімнің ертеңгі дамуына атсалысатын жақсы мамандардың бірі болатынына
сенімім мол. Меніңше, елдің ертеңгі дамуы үшін жақсы білімді ғана емес, сонымен
қатар жақсы мінезді де бойына жинаған жандар елдің ертеңі бола алады.
Ал, елімнің ертеңгі дамуы үшін елімнің
бір тұлғасы ретінде мен қандай үлес қоса аламын?
Елім үшін атқаратын жұмыстары қауырт,
ел қызметіне етене араласатын, елінің шынайы патриот қазақ қызының бейнесімен
елестетемін. Және осының бәрі – өмірлік мақсатым деп белгілеп те қойдым.Мен ең
бірінші, халқыма жақын болар едім. Әрине, мемлекеттік мәселелерді де, елінің
ертеңі үшін атқаралатын жоспарларда халықпен
біріге отырып шешілетін дүниелер деп
ойлаймын. Себебі – халық мемлекеттің айнасы. Халық қуанса, ел қуанды деген сөз,
жыласа ел құлады деген сөз. Сондықтан да халықпен бірге қуанып, мұңын билікке
жеткізетін және еліміздің қуанышын, той-топырын кері халыққа жеткізетін
мамандық иесі болуға шешім қабылдағаным
да осыдан. Мені осы журналистика саласына деген махаббатым халықты сүйгеннен, елге деген патриоттық
сезімімнен оянды деп есептеймін. Себебі, әр қазақ менің жалғызым. Қарапайым
халқыма қарап, қарапайымдылықты да үйренуге болады. Маған журналистика
саласының да жаныма өте жақын болып кетуі де,
«ҚАЗАҚ» деп соққан жүрегімнен және елдің ертеңгі дамуы үшін ең керекті қасиет деп қарапайымдылық пен
жомарттықты да алдым. Қоғамдағы барлық жағдайларға түсіністікпен қарау. Мен көшеде жүргенде көп кезіктеретінім қол жайып
отырған қазақ атаң мен қазақ әжең, және
қазақ бауырыңды көргенде жүрегің езіліп кетеді. Міне осындай жағдайы қиын
жандарға өз қолыңмен жақсылық жасап, кішкене көмек қылып кетсең – бұл да елдің
ертеңіне қосқан пайдаң деп ойлаймын. Еліңе пайдаңды тигізу ол міндетті түрде
басшы болып отыру деген сөз емес, ол кішкентай қарапайым маман болсаң да сенің
еліңе деген ең бастысы жүрегің қызмет етсе – міне бұл сені нағыз ел үшін туған
тұлға дегенді білдіреді. Сондықтан да мен де ата-бабаларым сияқты, елімнің
ертеңі үшін, ертеңгі ұрпақ үшін
кішкентай жүрегіммен үлкен істер атқарып, үлкен пайдамды тигіземін деп
сенемін.
Құдайға шүкір, қазір еңсесі биік
ордаға айналдық. Өз заңы бар, өз тәуелсіздігі бар, өз тілі бар, өз басшысы бар,
өз бағыты, мақсаты бар елге айналдық. Бостандық та бар. Бабалар аңсап кеткен
бостандық та орнады.
Абылайхан дәуірінде ел боламыз
деп хандық құрылып, батырларымыз қазақ деген ұланғайыр жерді сақтаймыз деп
қанын беріп, Әлихан атамыз қазақ деген мемлекет боламыз деп жанын берген сол
кісілер армандап кеткен қазақ елі құрылды. Дамыды. Дамып та келе жатыр.
Өркендеп, одан әрі жайнай да түсуде.
Сайып келгенде, ХХІ ғасыр –
жастардың ғасыры демекші, сол жастар да елдің ертеңі үшін еңбек етуі керек. Рухани
жаңғырып, Мәңгілік ел болу үшін қазақилығымызды мәңгілік сақтап, еңселі ордамызды
өзгенің қолына бермей, Қазақ деген атты, Көк Туды ластамай, биікте ұстап жүру
де еліміздің ертеңгі дамуының ғажап бір белгісі емес пе?!