Bugin

Қазір еркектерге қарағанда әйелдер көп темекі шегеді - министр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде вейптерге тыйым салу жоспарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform-ке сілтеме беріп.

"Бұл бағыттағы қадамдар халықтың денсаулығын сақтауға оңтайлы әсер етеді. Қазір еркектерге қарағанда әйелдер көп темекі тартатынын байқап жүрміз. Әйелдердің темекіге тәуелділігі қауіпті. Себебі әр анаға ұлт денсаулығының тікелей қатысы бар", – деді Ажар Ғиният Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр қазір балалар да ересектерге еліктеп, аталған вейптерді шегіп жатқанын айтты.

"Осы вейпті өндірушелер өздерінің нарығын балалар есебінен кеңейтуге тырысып жатқан сияқты көрінеді. Яғни хош иістендіргіштерді, түрлі-түсті қаптамаларды пайдаланып жатыр. Қазір әлем елдерінде бұл зиянды өніммен күрес үлкен мәселеге айналған. Себебі халық денсаулығына елеулі зиян келтіріп жатыр", - деді ведомство басшысы.