Bugin
Фото: pexels.com
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі «NarcoSTOP» жобасы аясында балаларға, жасөспірімдерге, жастарға нашақорлықтың таралу фактілері және алдына алу бойынша анонимді желі мен Telegram-бот жұмысын бастады.
«Анонимдік желі мен Telegram-бот көмегімен қолданушылар нашақорлыққа тәуелділік жайлы сапалы мамандардан кеңес алып, көмек пен кеңес сұрап хабарласқан әрбірі мамандармен сенімді сұхбат құра алады. Хабарласушылардың мәселелері негізді әрі жылдам шешілуі үшін тиісті органдарға жолдау, психологиялық көмек қажет болған жағдайда күнделікті психологиялық кабинеттерге жүгіну бойынша жұмыс жасалынады» - деп, жоба менеджері Ахатай Ырысбек айтып өтті.
Анонимді желі келесі номер бойынша тіркелген және осы номер бойынша кеңес беру жүргізіледі: 8 747 186 82 92. Сонымен қатар, таяудан бері t.me/narcostopbot атты Telegram-бот қызметін бастады. Ол арқылы санаулы секундтың ішінде арнайы мамандардан жауап ала алады.