Bugin

Алматыда терроризмге қарсы жаттығу жүріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында 6:00-ден 14:00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар оқу-жаттығу кезеңінде шектеу шаралары қарастырылған.

«Осыған байланысты біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға, оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», - деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.