Weekend

Әлеуметтік рейтинг пе әлде әлеуеттік рейтинг пе?

Әлеуметтік рейтинг елімізге керек пе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл жаңадан құрылған рейтинг жүйесі азаматтың жағдайын анықтайды және оның әлеуметтік мінез-құлқын қадағалайды: ол қалай ақша жұмсайды, тіпті басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасайдытындығы жайлы айтылады. Қытайдың «әлеуметтік бағалау жүйесі» адамдардың құндылығын анықтауға бағытталған.

Қытай 2020 жылға қарай Әлеуметтік рейтинг жүйесін (СКС) енгізуді жоспарлап отырған алғашқы ел болды. Бастамасы алғаш рет 2014 жылдың маусым айында жарияланған Қытай Мемлекеттік Кеңесінің құжатында пайда болды. Бұл жаңалық қазіргі заманғы прогрессивті қоғамның соншалықты таң қалдырады. Әлеуметтік рейтинг қарапайым көрінеді. Бағалау жүйесі шеңберінде 1,3 миллиардқа жуық халқы бар Қытай тұрғындарының рейтингі  анықталады. Соның нәтижесінде барлық адамдар үшін жалпыға ортақ домен болады. Азаматтардың рейтингі оның жұмысқа немесе кепілдікке ие бола алуына, сондай-ақ оның балалары қандай оқу орнына оқуға болатынына байланысты болады. Бұл «қызмет» 2020 жылы ғана қолжетімді болады, алайда Қытай қазірдің өзінде SCS рейтингісін ерікті түрде жүзеге асыра бастады. Үкімет осындай ірі масштабты деректерді өңдеу жүйесіне қажетті жекелеген алгоритмдерді дебеттеу үшін бірқатар жеке компаниялармен жұмыс істейді. Жоба шеңберінде China Rapid Finance, Tencent торабының серіктесі және Alibaba компаниясының серіктесі Ant Financial Services Group (AFSG) еншілес кәсіпорны Sesame Credit компаниясы қатысады. Қытайдың Rapid Finance және Sesame Credit сияқты WeChat хабарламалары арқылы (қазіргі уақытта 850 миллион белсенді қолданушымен) алғашқы компания, ал екіншіден, AliPay төлем жүйесі арқылы үлкен деректерге қол жеткізе алады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Tencent SCS рейтингін QQ чат қосымшасында жүзеге асырады, онда адамның рейтингі 300-ден 850-ге дейін болады және бес ішкі санатқа бөлінеді: әлеуметтік байланыстар, тұтынушылық мінез-құлық, қауіпсіздік, байлық және заңға бағынатын.Ал азаматтардың қаржыларын бақылау мен теңгерім жүйесі арқылы басқаруға деген ниет те мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен азаматтардың жеке қаржыларын басқарудың барлық жерде ұйымдастырылған қонымды шекарасы бар. Оған қоса банк ұйымдары қаржы төлей алмайтын тұрғындарға немесе кешіктіріп төлейтін адамдар үшін кредит бермеуді қарастырып отыр.

Қазақстанда қалай?

Ең алдымен Қазақстанда несие алмайтын адам жоқ. Ешбір қазақтың тойы несиесіз өткен емес. Біле білсеңіз, еліміздегі әрбір 5 ші азаматтың немесе азаматшаның несиесі бар екен.

Келесі кезекте адам құндылықтары жайлы айтсақ. Қытай қоғамында тәртіпті сақтау үшін қатаң заңдар бар екендігі бәрімізге мәлім және оларда біз секілді емес, яғни кез-келген дүниені өз орнына қоя біледі. Жай ғана қоқысты мысалға алсақ болады,қолымыздағы бір пакет шығындыларды үйімізге жақын жерге немесе көше бойынақалдыра салғанды жөн көреміз. Ал қытайлықтарда болса бұл үшін жауапқа тартыласыздар,сондықтанда олар арнайы орындарға апарып тастайды екен.

Обаманың әкімшілігіндегі АҚШ-тың Ұлттық кең ауқымды зерттеу тобының бұрынғы директоры Анураг Лалдың айтуы бойынша Қытайдың ұсынған әлеуметтік рейтингі – бұл Қытайдың полициясына айналғанын дәлелдейді екен. Оған Қытай өз азаматтарын өміріне араласып төмен балл алған адамдармен араласуына тиым салады. Аз балл алу немесе мүлдем ала алмау бұл-жұмыссыздықтың көрсеткіші екен. Яғни еш жерде жұмыс атқармайтын, әртүрлі заңдарға бағынбайтын адамдар осында xалге келеді. Сонымен қоса сіз асығып тұрып бағдаршамнан өтіп кетсеңіз жинап жатқан балл жүйеңіз шегерілетін болады.

Лал бұл ұстанымға келіспейді. Адам күнделікті іс-әрекеттерімен қалай соттай алады? Біз әртүрлі жағдайларға күнде тап боламыз – деп түсіндіреді. Балалары бар жандарға басымдық беріледі екен. Ал баласыз түтін иелерінің xалі не болмақ?!

Ақыр соңындағы басты мәселе – демократиялық үдеріс немесе тәуелсіз комиссия емес, "әлеуметтік қолайлы мінез-құлықты» Қытай үкіметі анықтайтын болады. Егер адам бұл жүйеге қарсы келсе, оған жазалау шаралары қолданылады. Тағы бір есте болар жайт, егер адами құндылықтарын жоғары дәрежеде көрсетіп жүрген адаммен жұмыссыз адам сөйлесер болса, жоғары балл жинап жатқан адамның балын азайтып тастайды. Демек касталық жүйе секілді болады. Байлар мен кедейлер сөйлеспейді. Бұлай дейтін себебіміз егер сіздің балл жүйеңіз өте аз болса, сіз балаңызды мектепке бере алмайсыз. Осылайша төменгі тап өкілі қатарына кіретін боласыз.

Қорытындылай келе, әлеуметтік рейтинг көмегімен Қытай үкіметі екі қоянды бірден атып отыр. Олар қоғамға әлеуметтік жағынан "қолайлы мінез-құлқының" қабылдануына ықпал етеді және сонымен бірге азаматтардың өмірінің барлық аспектілерін басқара алу құқығына ие болуда. Бұл белгілі бір тарапта дұрыс емес болып табылады. Себебі қазір жаңа ғасыр кезеңі уақытында әркім өз өміріне өзі қожайын бола алады. Бұл олардың құқығының көрсеткіші. Мұндай жүйе елімізге керек пе? – деген сұрақты оқырманға қалдырсақ. Өз ойыңызша жауап беріп көріңіз.