Bugin
Фото: pexels.com
Құқықбұзушылық жасаған заңсыз алтын іздеуші жарылыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Степногорск өңірінің аумағында "Алтыналмас" компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.
Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері кездеседі.
Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап - 480 адам, 3 реттен артық - 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз алтын іздеуші қаза тапты.
"Қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеміз", делінген прокуратура баяндамасында.
Сондай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.