Bugin
Фото:pexels.com
Әлеуметтік желіде алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін "мәмбеттердің тілі" деп атаған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме беріп.
Бойжеткен оған қазақ тілінің ұнамайтынын айтқан.
"Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда, ол - "мәмбеттердің" тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр. Салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі - "мәмбеттердің" тілі", - дейді бойжеткен желіде.
Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - делінген департамент хабарламасында.