Bugin
Фото: pexels.com
Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандықтар несиесін төлей алмаса, оның үстіне қосылатын "проценті" тоқтатылуы мүмкін.
"Проблемалық кредиттері бар қарыз алушылар үшін қарызды реструктуризациялауға көмек көрсетілетін болады. Заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттер бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін шектеу қарастырылады. Мысалы, азаматтардың мерзімі өткен кредиттеріне сыйақы есептеуді шектеу, проблемалық берешегі бар қарыз алушыларға жаңа кредиттер беруге тыйым салу ұсынылады", - дейді Ерұлан Жамаубаев.
Оның сөзінше, халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету мақсатында шаралар қолданылады. Әсіресе, банктер мен микроқаржылық ұйымдардың пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап етеді. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді қарастырып жатыр.
"Азаматтар өз мәселелерін банкроттыққа жүгінбей шеше алатындай етіп, сотқа дейінгі реттеу аясында құқықтарын қорғауды күшейту маңызды. Бұл тұрғыда банктік омбудсман маңызды рөл атқаруы тиіс", - дейді ол.