Bugin

Несиесін төлей алмаған 12 қазақстандық өзіне қол жұмсаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қазақстанда кредит алып, қарызға белшесінен батқан 12 адам өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме беріп.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың шектен тыс несие алуының соңы қайғылы жағдайға әкеліп соққан.

"Әрине, адам несие рәсімдеген кезде оны қайтару мүмкіндігін де ескеру керек. Бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендегінінен бұған мән бермейміз. Кредит алып, қарызға белшесінен бату салдарынан және оны төлей алмағандықтан қарыз алушылардың суицидке, қылмысқа баратын деректері кездеседі.

Биыл несиесін қайтара алмаған 12 қазақстандық қол жұмсап, қайтыс болды. Олар – Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары. Қыркүйектің аяғында тағы бір осындай факт БАҚ-та жарияланды", - деді Игорь Лепеха.