Bugin

Астанада такси жүргізушісі жолаушының бірнеше миллион теңгесін иемденіп алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астанада такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл ауданының жедел уәкілдері 48 жастағы такси жүргізушісін ұстады.

"Оның қала тұрғынынан 2 миллион теңгеден аса қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, ол сапар барысында такси жүргізушісімен сөйлесіп, ипотека алудағы мәселесін айтқан. Әңгімелесе келе жолаушының сеніміне кірген ер адам банктердегі байланысын алға тартып, баспана алуға көмектесуді ұсынған. Содан бейтаныс жігіттің сөзіне сенген әйел оған көп мөлшерде ақша ұсынғаны белгілі болған. Ұсталған ер адам алаяқтық жасағанын мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмысқа ққатысы бар-жоғы анықталып жатыр.