Hi-Tech
Кім кімді алдап жүр?
XXI ғасыр компьютер мен жоғарғы технологиялар дәуірі. Бүгінгі алпауыт өндіріс те, кәсіпорындар да ірі нарықты жаулаған компаниялар осынау бір технологияның көмегіне зәру. Өйткені қазіргі заманғы бизнес философиясы да бұрын соңды болмаған басқа бір арнаға бағытталып жатыр.
БұлӨндіріс пен тұтынушы арасын жалғайтын ақпарат ағыны. Бұл орайда тұтынушы қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру үшін компаниялармен өндірістерге тауар немесе қандай да бір ұсынылатын қызметті жарнама жасау қажеттілігі туындайды. Ал бүгінгі күннің жарнамасы – SMM. Негізінен SMM сөзі ағылшын тілінен "social media marketing" мағынасы – әлеуметтік желідегі жылжу, яғни бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік медианы, желіні пайдалана отырып тауарды, дайын өнімді ұсынылатын қызмет түрін жарнамалау, жарнама арқылы жаңа клиенттермен тұтынушыларды тарту.
Ал бізде қалай? Бііздікілер жарнамасы мен мұндалап Instagram парақшаларымен facebook беттерінен ары аса алмайтын курс сатушылары өзін қарық қыла алмай жүріп, өзгеге қандай білім бермекші? Нені үйретпекші? Жаңбырдан соң қаптаған саңырауқұлақ секілді жүргені не болса соған таргетте жұмыс жасауды үйретуді, сайттарда жарнама жариялауды үйретуді айтып, мұнымен қоймай осы ұсынған қызмет түріне қомақты қаржы талап ететін бұл адамдардың іс-әрекеттерін мүлдем түсіне алмайсыз. Бұл әккілер бір-бірінен ұрлап-жырлап, курс материалдарын сатып, пайда табудың, мол табысқа кенелудің жолына баяғыда көшкен-ді. Оның сыртында осы сала бойынша аз-маз жинақтаған материалы мен естігендерін кітап қылып жазып жүргендер де жетерлік.
Дей тұрғанымен де нарықта сапалы білім беретін, сіздің сұранысыңызға сай келетін өз қызметін сапалы түрде ұсынушылар тым көп-ақ. Бірақ оның бағасы кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ал нағыз SMM маманы боламын деушілерге кәсіпқой мамандардан білім алуға кеңес берер едім. Сапалы маманның бизнестегі дұрыс жасалған жарнама мен сол бизнестің табысты болуына және өзінің әлеуетін арттыруына көп ықпалы бар демекпін.