Bugin

ҚМДБ Израиль мен Палестина елдеріндегі ахуал жайында мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Израиль мен Палестина жеріндегі соғыс жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

"Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді.

Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жанның, әсіресе, сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батып отыр. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз" - делінген мәлімдемеде. 

Сондай-ақ ҚМДБ Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтынын мәлімдеді.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді" - делінген мәлімдемеде.