Bugin

БҰҰДБ: 110 елде тұратын 1,1 миллиард адам кедейшілікпен күресіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

2020-2023 жылдар аралығында табысы төмен елдердегі кедейлік деңгейі өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) әлемнің 110 елінде тұратын 6,1 миллиард адамның 1,1 миллиарды кедейшілікпен күресіп жатыр деп хабарлады, Bugin.kz порталы "Анадолы" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 1992 жылы 22 желтоқсанда қабылданған шешімімен 17 қазан Дүниежүзілік кедейшілікті жою күні болып жарияланды. Осыған байланысты БҰҰ осы мәселеге әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр.

БҰҰДБ-ның 2020-2023 жылдарға арнап жасаған зерттеуінің нәтижесі табысы төмен елдердегі кедейлік деңгейі 2020-2023 жылдар аралығында өскенін көрсетеді. Бұл тағы 165 миллион адам күніне 3,65 доллардан аз ақшаға өмір сүретінін білдіреді.

Табысы төмен елдерде тұратын 165 миллион адамның 20 пайызы 2023 жылы әлі де Ковид-19-ға дейінгі табыс деңгейінен төмен өмір сүреп жатыр. БҰҰДБ қажетті жобаны әзірлеу үшін кедейшілікпен күресіп жатқан адамдар тұратын аймақтарды анықтау маңызды екенін атап көрсетті.

Әлемдегі әрбір алты кедейдің бесеуі Сахараның оңтүстігіндегі Африкада немесе Оңтүстік Азияда тұрады. Аймақтық таралу бойынша Сахараның оңтүстігіндегі Африкада халықтың 47,8% кедейшілікпен күресессе, ал Оңтүстік Азияда бұл көрсеткіш 34,9% құрайды, деп хабарлайды. 

БҰҰДБ мәліметі бойынша, жаһандық кедейшіліктің өсуін азайтып, күніне 3,65 доллардан аз табысы табатын миллиондаған адамды кедейліктен құтқаруға болады. Бұл үшін 14 миллиард доллардан  астам қаражат қажет.