Bugin
Фото: pexels.com
Орал қаласында "Арбат" дәмханасы өртеніп, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні Зачаган кенті М.Мөңкеұлы көшесі бойында болды.
"Сағат 22.05-те «Арбат» дәмханасынан өрт шықты. Асүй бөлмесінде шамамен 20 шаршы метр аумақта асүй жабдығы мен бензин генераторы жанған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. "Тілсіз жау" сағат 22.40-та оқшауланып, 22.46-да ауыздықталды. Оқиға орнында БҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 49 адам 15 техникамен жұмыс жасады", деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.