Bugin
Фото: pexels.com
Әлеуметтік желілерде жол бойында күтіп тұрып, темір тұлпар жақындай бергенде жолға жүгіріп шыққан баланың іс-әрекеті таспаланған бейнематериал жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Қостанай облыстық Полиция департаменті бейнежазба астында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. "Daewoo Nexia" маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен тілші сауалына орай.
Ведомство ақпаратына сай, ел бойынша мұндай фактілер тіркелген жоқ. Яғни, желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Тиісінше министрлік өкілдері жалған мәлімет тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.