Bugin

Қазақ тілін кемсіткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде қазақ тілін "мамбет тілі" деп мәлімдеме жасаған қыздың әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) нормаларына сәйкес, тергеу жүргізіп, заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек тілші сауалына жауап бере отырып.

Тоқтала кетейік, ол қыз видеода қазақ тілін ұнатпайтынын алға тартып, Алматыға келетін ауыл тұрғындарына қатысты ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.