Bugin

Түркістанда 5 жасар баланы балабақшаның көлігі басып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Балабақша көлігі бес жасар баланы басып кеткен, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Баланың туысының айтуынша, оқиға 20 қазан күні сағат 17:32-де болған.

"Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, әдетте көліктің алдынан өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Ол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен", – дейді баланың туысы.

Жүргізушінің баланы қағып кеткен сәті және көршілерінің көлікті қалай тоқтатқаны сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Баланың туыстары кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан олар әділ тергеуді талап етіп отыр.

"Аталған факт 20 қазан күні ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян әкеп соққан) қылмыстық құқықбұзушылық белгілермен сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген әкімдік хабарламасында.