Bugin

Әлеуметтік желіде Алматылық бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы тұрғыны Республика күні қарсаңында парашютпен секіріп, жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартқан, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Хабар24 телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, алматылық ержүрек бойжеткеннің есімі Ляйля Тәжібаева. Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызда еліміздің ұлттық күйін орындаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қобызшы бұл батыл әрекетін Республика күніне арнаған. Сондай-ақ бойжеткен жоспары бойынша орындалған композицияның фонында Қазақстанның көк туын желбіреткен.