Bugin
Фото: pexels.com
Дәрігерлер жастардың жүрегінің кенет тоқтап қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атақты кардиологтар Джонатан Ким мен Лили Баруштың айтуынша, жастар спортпен айналысқан кезде жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Бірақ бұл жаттығу кезіндегі физикалық жүктемеге байланысты болады.
Спорттық медицинаға маманданған дәрігер Ким жүрек бұлшықетінің тұқым қуалайтын құрылымдық немесе электрлік аномалиясынан жасөспірімдердің жүрегі кенеттен тоқтап қалуы мүмкін екенін айтады. Көбінесе бұл ақаулар өмір бойы байқалмайды және арнайы тексеріс кезінде де көрінбейді екен.
"Жүректің жұмысы кенет тоқтаған кезде адам бірден есін жоғалтады. Көбінесе бұл физикалық белсенділік кезінде болады. Жүрек тек спорттан емес, сонымен қатар дегидратация, электролиттік теңсіздік, кортизол немесе адреналиннің жоғарылауы секілді денедегі басқа процестердің әсерінен тоқтауы мүмкін. Физикалық жаттығутардың не себепті қауіпті екені туралы нақты жауап жоқ", – дейді спорттық кардиология маманы Баруш.
Кардиолог кез келген жастағы адамның жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін екенін айтады. Әсіресе, 40 жастан асқан ер адамдарда бұл ауру жиі кездеседі. Мұның алдын алу үшін спортпен айналысқанда не басқа физикалық белсенділік кезінде адамның басы айналып, кеуде тұсы ауырып, есі жоғалса, дәрігерге көріну керек.