Bugin

Еліміздің жасөспірімдері арасында қауіпті ойын таралуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жастардың арасында қауіпті ойын таралып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Жүгір немесе өл” ойыны бойынша балалар қауіпті нәрсе жасап, содан кім тірі қалып, жеңуге тиіс. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескерту жасап жатыр.

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.

“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.

Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір-біріне ескертіп жатыр.

“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жүгірген жігіттерді көрсеңіздер, абай болыңыздар”, – делінген хабарламада.