Bugin

10 жастағы қызды зорлаған күдікті туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Полиция.кз

Алматы облысының полицейлері кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 1963 жылы туған Қ. есімді азамат ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тергеу ісін  Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.