Bugin

"Менің екі немерем қазақ": ДДСҰ басшысы қазақтармен туыстығы жайлы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Астанада өткен конференцияда сөз сөйлеп, қазақтармен туыстығы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өз сөзінде ДДСҰ бас директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дұрыс дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын көтергенін айтты.

"ДДСҰ Қазақстанда кеңсе ашқанымызды мақтан тұтады. Мен үшін Қазақстанның орны ерек. Менің келінім қазақ, екі немерем де қазақ. Менің ойымша, Қазақстан – менің бір бөлшегім, ал мен – осы елдің бір бөлшегімін", - деді ол.

Айта кетейік, Тедрос Адханом Гебрейесус – белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы. ДДСҰ басшысының үлкен ұлы Жүрсін Ерманның жиен немересіне үйленген.