Саясат
Әлеуметтік көмек көрсту
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеріліп отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін минимал төлем 20 789 теңге сомасында бекітілді.
Мүгедек бала асырап отырған және бала шағынан бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы 30 пайызға өсті. Құжат атаулы көмекті тағайындап, төлем жасаудың дұрыстығына бақылау шараларын қарастырады. Сонымен қатар бұл заң арқылы маманданған педагогтарға, дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандық иелеріне "7-20-25" бағдарламасы аясында жеңілдігі бар ипотека бойынша жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмі енгізіліп отыр.