Bugin

Израильдің улы "парацетамолы" елімізде сатылып жатқаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  https://www.pexels.com/ru-ru/photo/20-208512/

WhatsApp-та Израильде шығарылған қауіпті "парацетамол" препараты туралы ақпараттар топтамасы тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда аталған дәрі палестиналықтарға арналып өндірілгені, оны қабылдаған адам көз жұматыны және таблеткалар әлдебір жолдармен Ресей мен Қазақстан нарығына түскені айтылады. 

"Қауіпті "парацетамол" туралы хабарламалар – ескі фейк. Оны пайдаланушылар 2019 және 2020 жылдары таратқан болатын. Ол кезде де таратылым жалған деп танылған еді", - делінген сайтта.

Анықталғандай, ақпаратқа қоса берілген фотодағы препарат Израильде емес, Үндістанда шығарылған. Оны дәрі-дәрмектің қаптамасында жазылған өндіруші компанияның Apex деген атауынан түсінуге болады.