Bugin

Екі баланың өлімі үшін Ақтау тұрғынына қандай жаза қолданылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: krasivoe-foto.ru

Ақтауда екі бүлдіршін уланып, көз жұмды. Бірі- екі жарым жаста, екіншісі- небәрі он айлық. Қайғылы оқиғаға күдікті ретінде көршісі айыпталуда, деп хабарлайды bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Бір күн бұрын ол өз пәтерінде төсек құрттарын улаған. Қазір полицейлер мен санитарлық дәрігерлер жәндіктерді өлтіру үшін қандай зат қолданылғанын анықтап жатыр.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жұма күні кешке тұрғындардың бірі пәтердегі төсек құрттарын улаған. 

Жәндіктерді улайтын дәрі Алматы базарларының бірінен алынған. Аты әлі белгісіз, бірақ пәтердегі ауаның зертханалық нәтижесі бойынша көміртегі тотығы мен аммиак мөлшері шамадан тыс көп болған.

Төсек құрттарын улаған әйелге қатысты полиция екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.