Bugin

Қызылорда облысында ер адам 7 жасар қызын зорламақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Полиция.кз

Қызылорда облысының ауылында ер адамның өз қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасамақ болған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әкесі үйде ешкім болмағанын пайдаланып, 7 жасар қызын зорламақ болған. Ол қызды шешіндірмек болған сәтінде үйге 6-сынып оқитын ұлы келген. Ол әкесімен төбелесіп, қыздың қашып кетуіне көмектескен. Қыз жүгіріп, бәрін көршіге айтқан, ал ол қыздың анасына қоңырау шалды", –  делінген желідегі постта.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті ер адам қамауға алынған. Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61