Bugin

Таразда ер адам 4 миллион теңгенің тұрмыстық заттарын ұрлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Полиция.кз

9 қазанда Тараз қаласының 27 жастағы тұрғынының үйінен 4 миллион теңге көлеміндегі тұрмыстық заттар ұрланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Өз шағымында ол үйінде құрылыс жұмыстарының жүргізілгеніне байланысты ешкім тұрмайтынын және Қытай, Өзбекстанға барып, арнайы сатып алған бағалы заттарының үйден ұрланғанын айтты.

Жалпы 4 миллион теңге көлемінде шығын келген.

"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188 – бабы 3 – бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 44 жастағы көрші мемлекеттің азаматы анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат үйде ешкім тұрмайтынын байқап, одан кейін заттарды "ГАЗель" көлігіне салып алып кеткенiн көрсетті”, - делінген хабарламада.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.