Bugin

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Полиция.кз

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №100 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Медеу ауданында болды.

"Foton" автобусының жүргізушісі Халиуллин көшесімен батыс бағытта келе жатып, Тәттібеков көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып, бағдаршам мен газ құбырына соғылды", - деп хабарлады департаменттен.

Жол апатынан 59 жастағы жаяу жүргінші зардап шегіп, ауруханаға жеткізген.