Bugin

Тоқаев жарлыққа қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: Ақорда

Мемлекеттік сыйлықтың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы анықталды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы Мемлекеттік сыйлық "Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер" жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді", - делінген жарлықта.

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.

  1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке;
  2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалы директорының бірінші орныбасары Виктор Владимирович Баклановқа;
  3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюкке;
  4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарваға;
  5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа;
  6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа;
  7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға;
  8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілді.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

25 қазанда елде не болатыны белгілі болды 

Газада Қазақстан азаматы қызымен қаза тапты