Bugin

Алматыда "Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі" қойылымы сахналанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

18 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен "Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі" атты қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қойылым барысы Абылай ханды ұлы тұлға ретінде көрсетіп, оның тарихи сахнада алатын орнын бағалауды көздейді. Сонымен қатар ардақты бабамыз Абылай ханның жетістіктері мен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария етіп, қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай ханның бейнесін қалыптастыруды жан-жақты көрсетеді.

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Қойылым мақсаты - Абылай ханның тарихи мұрасын, оның ұлы даланы дамытуға қосқан үлесін насихаттау. Туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен бай мұраларына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Қойылым қаламыздағы шығармашылық оқу орындары: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжі студенттерінің қатысуымен сахналанды.

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі