Bugin

WhatsApp миллиондаған смартфондағы жұмысын тоқтатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджері көптеген құрылғыдағы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 4PDA сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың маусым айындағы Google статистикасына сәйкес, белсенді Android құрылғыларының шамамен 0,5 пайызы Android 4.4 операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

"24 қазаннан бастап WhatsApp Android операциялық жүйесінің 5.0 (Lollipop) нұсқасынан төмен нұсқаларында қызмет көрсетуін тоқтатты. Осы уақытқа дейін мессенджерге кем дегенде Android 4.1 немесе одан жаңа нұсқасы қажет болды. Осылайша, Android 4.1 - 4.3 Jelly Bean және Android 4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондардың иелері бағдарламаны пайдалануды жалғастырғысы келсе, телефонды жаңартуды қажет етеді", - делінген хабарламада.