Bugin

Әлемдегі ең кәрі ит өлді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: instagram.com/guinnessworldrecords

Португалияда әлемдегі ең кәрі ит 32 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың мамыр айында Боби есімді ит өзінің 31 жасын тойлаған. Ит бүкіл өмірін Португалияның Лейрия ауданындағы Конкейрос ауылында өткізді. Басылым жазғандай, мал бағу үшін өсірілетін бұл тұқымды иттер әдетте 10-13 жыл өмір сүреді.

"Жануардың туған күні Португалия үкіметінің ұлттық ветеринарлар одағы басқаратын үй жануарлары туралы мәліметтер базасында расталды. Гиннестің рекордтар кітабының ресми деректеріне сәйкес, ит 1992 жылы 11 мамырда дүниеге келген. Осы жылдың мамыр айында оның иесі Леонель Коста осы оқиғаға орай үлкен той жасады. 100-ге жуық қонақ шақырылды, тіпті кейбірі мерекеге шетелден ұшып келді, делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

Қазақ қыздан тараған жеті ұрпақты қалай атаған?

Хамас әскері кепілге алған екі израильдік әйелді босатты: олар туралы не белгілі?