Bugin

ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жоғары оқу орындарының оқытушыларының жалақасы көтеріледі.  Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше рет тапсырма беріп еді.

Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек" - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Осыған байланысты түзетулерді Комитет депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берді.

Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады. Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40% дейін көтеруге мүмкіндік береді.