Bugin

Атырау облысында жұмысшылар көтеріліске шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Kazakh Construction Group ЖШС жұмысшылары ұйымдастырған ереуіл туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін кейбір Telegram арналарында Атырау облысы Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан Kazakh Construction Group ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

"Түсіндіру жұмыстарынан кейін сағат 14:00-де барлық жұмысшылар жұмысқа кірісті. Сонымен қатар жұмысшылар Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қарастырылатын талаптарды көрсетіп, өтінішпен жүгінді", - деп түсініктеме берді Атырау облысының әкімдігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 қазанда Kazakh Construction Group ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қалдыбатыр Н., Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің өкілдері, әкімдік пен прокуратураның қызметкерлері Мақат ауданы еңбеккерлерімен кездесті.