Bugin

Қазақстанда 25 қазан күні интернет өшіріледі: Министрлік түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: windowstune.ru

Қазақстанда бүгін интернет өшіріледі деген ақпарат тарады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру шараларын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, оппозициялық топтар халықты мереке күні митинг өткізуге шақырған.

Бұған дейін, ішкі істер министрлігі мереке күні барлық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлағаны туралы жазған болатынбыз.