Bugin
Фото: видео скриншоты
Ақтауда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"24 қазан сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағын ауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адам үстіне лифт құлады.
Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3-бабының 156-тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді"- делінген баспасөз мәліметінде.
Сараптама тағайындалып, тергеу басталған.