Bugin

Ресей Қазақстандағы орыс тілін дамыту үшін зерттеу жүргізбек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: lerm-cbs.ru

Ресей билігі Қазақстандағы  орыс тілін дамыту үшін зерттеу жүргізбек, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей Сыртқы істер министрлігі алты елде сауалнама жүргізу үшін 35 миллион рубль қаржы бөлуді жоспарлауда.

Сауалнама Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қытай, Куба және Мысырда жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушылар орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін ұсыныстар дайындамақ. Ұсыныстар Мәскеуде өтетін дөңгелек үстелде таныстырылады.

Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың айтуынша, таңдалған елдерде орыс тіліне деген қызығушылық жоғары.

"Қазақстан негізінен орыстілді ел. Жалпы, бұл Ресей Федерациясына салыстырмалы түрде жақын елдер, олардың орыс тілін үйрену дәстүрлері бар", – деді ол Борис Макаренко.