Bugin
Фото:pexels.com
25 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ, билік экстремистік деп таныған қозғалыс) өкілдерінің митингі жоспарланған болатын. Әзірге жағдай тыныш, бірақ ұсталғандар бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Press.kz сайтына сілтеме жасап.
"Алматыда полицейлер демалыс саябағының аумағында екі адамды ұстаған. Біраз уақыттан кейін ұсталғандар саны төртке дейін өсті. Олардың наразылық акциясына қатысы бар-жоғы белгісіз. Жергілікті тұрғындар да қалада интернетке қатысты мәселелердің барын айтып отыр", делінген хабарламада.
Астанада жоспарланған шеру орнында журналистер мен тәртіп сақшыларынан басқа ешкім жоқ.