Bugin
Фото: instagram.com
Жамбыл облысында мешітте ұрлық жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға 2023 жылғы 23 қазанда болған. “102” арнасына Тараздың 19 жастағы тұрғыны шағым білдірді. Жігіттің айтуынша, ол сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін орталық “hибатулла-Тарази” мешітінде болған. Онда намаз оқып жатқан сәтте күртешесін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 25 000 теңгені құрайды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері қаладағы шағын аудандарының бірінің 54 жастағы тұрғынын ұстады.