Bugin
Фото: pexels.com
25 қазанда Аягөз қаласында үйден өрт шығып, 4 бала көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Кеше сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11:24-те толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.