Bugin

Атыс салдарынан 16 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырып, 16 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, кінәлі әлі ұсталған жоқ. Штаттың екінші үлкен қаласының тұрғындарына қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес берілді.

Полиция күдіктінің суретін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, оқиға "әртүрлі жерде" болған. Сондай-ақ кем дегенде 50 адамның жарақат алғаны хабарланды, бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Мэн штатының орталық медициналық орталығының хабарлауынша, жергілікті билік "көптеген адам қаза тапқан үлкен атыс оқиғасына" байланысты жақын маңдағы басқа медициналық мекемелермен күш-жігерді үйлестіріп отыр.

Сондай-ақ полицейлер күдікті қылмыскерді анықтауға көмек сұрады.

Ақ үй президент Джо Байденге оқиға туралы ақпарат берілгенін хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61