Bugin

Макрон, Ердоған, Орбан. Қазақстанға бірнеше әлемдік көшбасшы келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Жақын арада Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келесі апта Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға келеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті өткен жылдың қараша айында Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

"Түркия көшбасшысы Ердоғанның сапары Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммиті аясында 3 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы   Мұрат Нұртілеу Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде мәлімдеген болатын. Ердоған арнайы жеделхат арқылы Тоқаевпен кездесуге ниетті екенін растады. Астанаға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да келеді деп жоспарланған. Бұл туралы Нью-Йоркте Қазақстан мен Венгрия басшыларының кездесуінде белгілі болды. Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне де қатысуы мүмкін", - делінген хабарламада.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қажымұқан Мұңайтпасов алғашқы театрдың негізін қалағанын білесіз бе?

Мешітте ұрлық жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған