Bugin

Қарағанды облысында карантин енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Қарағанды ​​облысында сібір жарасы анықталып, карантин енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай ауданындағы Топар ауылының кіре берісіне санитарлық баған орнатылды. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, ауылға кіретін екінші жол жабылған.

"Ауылға Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеу үшін бағана орнатылды. Карантиндік шараларды сақтау үшін ауылға кіретін екінші жол уақытша жабылды. Сонымен қатар мал және сүт өнімдерін әкелуге және әкетуге, мал союға және аумақтан жем-шөпті тасуға тыйым салынды", - деп хабарлады Топар кентінің әкімдігі.

Бүгінде ауылда барлық қажетті ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр. Жағдай жауапты мамандардың бақылауына алынған.