Bugin

Лауазымды тұлғаларға пара берген Қайрат Боранбаевтың туысы сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астанада кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың немере інісі Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

19 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Бағдан Ыдырысов Әбілхан Боранбаевтың лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс бойынша екінші айыпталушы – Дәурен Қазбек. Ол лауазым қызметкер бола тұра пара алу фактісі бойынша сотқа тартылды.

Боранбаев аға жедел уәкілі Дәурен Қазбек пен Ш.-ға (тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды) жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден астам пара берген.

Қазбек және Ш. адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы пара алып, тергеу-қамауға алынған Боранбаевқа мобильді байланыс, кездесулер, туған күнін алкогольді ішімдіктерді қолдану арқылы тойлау үшін басқа адамдармен байланысқа түсуіне заңсыз мүмкіндік берген.

Прокурор айыптауды қолдап, сотталушы Боранбаевты 4 жыл 6 ай мерзімге, ал сотталушыға Қазбекті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап екі сотталушыға айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылардың кінәсі сотталушылардың, куәгерлердің айғақтарымен, банк мәліметтері, бетпе-бет кездестіру, сараптамалардың қорытындысы, сыртқы бейнекамералардың бейнежазбалары, оқиға болған жерді қарау хаттамасы және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

«Сот Әбілхан Боранбаевтың 4 жас баласының болуын, кінәсін мойындауын, өкінуін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін, ал Дәурен Қазбектің 3 жас баласының болуын, кінәсін мойындауын және өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды», – делінген ақпаратта.

Сот үкімімен Әбілхан Боранбаев Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.